60-шы Венеция өнер биенналесіндегі Қазақстан павильонын шамамен 98 мың адам тамашалады

60-шы Венеция өнер биенналесіндегі Қазақстан павильонын шамамен 98 мың адам тамашалады

27.11.2024 12:07:06 1177

60-шы Венеция өнер биенналесінде Қазақстанның ұлттық павильонына шамамен 98 мыңдай адам келді.
Биыл Венеция биенналесі тарихындағы келушілер ең көп болған жылдардың бірі. Келушілердің жартысынан астамы шетелдіктер.
Айта кетейік, «Шетелдіктер барлық жерде» тақырыбымен өткен 60-шы Венеция биенналесі 2024 жылғы 20 сәуір мен 24 қараша аралығында өтті. Оған 90 елден келген суретшілер қатысты.
Қазақстанның ұлттық павильоны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен осы беделді көрмеде ұсынылды. Көрме қонақтары «Jerūiyq: көкжиектен тыс көзқарас» жобасының экспозициясын тамашалады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/891058