ЭТИКА

ЭТИКА

01.10.2026 02:16:43 208

Қостанай облысы әкімінің аппараты мен облыстық мәслихат аппаратында құқықтық оқудың кезекті дәрісі өткізілді. Спикері - Қ. Сюндиков, Костанай облысының әдеп жөніндегі уәкілі. Оқу мақсаты - қызметшілердің құзыреттерін арттыру, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың новеллаларымен танысу, этикалық теріс қылықтар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу. 

Басты назарда мемлекеттік қызметте құндылықтарды, "Адал азамат", "Таза Қазақстан" және "Заң және тәртіп" қағидаттарын енгізу. Жаңа заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметте цифрлық әдептілік және мінсіз бедел сияқты ұғымдар енгізіледі. 

Спикер Мемлекет басшысының қоғамдық әдеп тақырыбына және Қазақстан Республикасы қызметінің іргелі қағидаттарына арналған сөздері туралы хабардар етті. Жаңа Конституция ел азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігін бекітті. 

Сондай-ақ, Қ.Сюндиков тыңдаушылардың назарын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Д.Жазықбайдың "Результат важнее процесса" атты "Казахстанская правда" газетіндегі соңғы мақаласының мазмұнына аударды. Елімізде "Ең алдымен адамдар" қағидатына негізделген мемлекеттік қызметтің сервистік моделі дамуын жалғастыруда.

Спикер халықпен, мемлекеттік қызмет алушылармен қарым-қатынас кезінде әдеп стандарттарын сақтаудың және жанжалдардың алдын алудың маңыздылығын атап өтті. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1301711?lang=ru