БҚО-да 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде
30.12.2024 18:20:23 1557
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысымен танысты. Облыс әкімі Орал қаласындағы су басу қаупі бар аймақтарды аралап, жағалауды бекіту, бөгеттерді нығайту, т.б. жұмыстарды қадағалады.
Сонымен қатар, Нариман Төреғалиев Сырым, Қаратөбі, Бәйтерек аудандарында болып, атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалады.
«Көктемге барынша дайын болуымыз керек. Су тасқынының алдын алу шараларының уақытылы жүргізілуі маңызды. және қала, аудан әкімдеріне, тиісті басқармалар мен мекемелерге бұл жұмыстарды уақытында атқаруды тапсырамын», — деді облыс әкімі.
Айта кетейік, Батыста су тасқынының алдын алу бойынша жол картасы бекітілген. Қазақстан облысы, соның аясында 23 іс-шара жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/898529