БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысын тағайындау бойынша іріктеу комиссиясының отырысы өтті

БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысын тағайындау бойынша іріктеу комиссиясының отырысы өтті

06.01.2025 22:19:40 638

ҚР Туризм және спорт министрінің жанындағы комиссияның кезекті отырысында Батыс Қазақстан облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылық лауазымына үміткерлердің кандидатуралары қарастырылды.

Талқыға екі кандидат ұсынылды: «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК директоры Бақдәулет Сәбитов және БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Мирболат Нұржанов. Комиссия мүшелері әр үміткердің спорт саласындағы тәжірибесін және өңір спортының даму әлеуетіне қатысты көзқарасын мұқият саралады.

Кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/914061