Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Рождество мерекесімен құттықтауы

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Рождество мерекесімен құттықтауы

07.01.2025 10:12:45 1496

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ежелгі де киелі жерімізде ғасырлар бойы түрлі этностар мен конфессиялардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл тату көршілік пен өзара сыйластық үлгісінің феномені көптеген елдердің қызығушылығын тудырса, оның негізі – біздің халқымыздың келісімі мен бірлігі.
Рождество – бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар, соның ішінде еліміздің көптеген азаматтары тойлайтын жарқын мереке. Мерекенің рухани негізі мәдени байланыстарды нығайтуда және қоғамды біріктіруде ерекше мәнге ие. Бұл мейрам рухани қуаныш пен үміт сыйлайды, дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды нығайтып, дүниенің жаңаруының, ізгілік пен әділеттің салтанат құруының символы болып табылады. Сонымен қатар, бізді көмек пен қамқорлыққа мұқтаж жандарға мейірімділік пен шынайы көңіл бөлуге шақырады.
Әр адамның өмірі мен жұмысында жаңа жетістіктерге жетелейтін, жүрекке мейірімділік пен үйлесімділік сыйлайтын Рождество игілігі жылда қайталанып келе берсін дейміз.
Баршаңызға зор денсаулық, үміттердің ақталуын, бейбітшілік пен ізгілік, бақыт пен өркендеу тілеймін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/914086