Ұрпақтарды біріктіріп, жүректерді сенімге толтыратын дәстүрлер
07.01.2025 14:12:29 1639
Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлының Рождество мерекесімен құттықтауы
Құрметті Алматы облысының тұрғындары!
Сіздерді шын жүректен Рождество мерекесімен құттықтаймын!
Бұл мереке — рухани тазару мен сүйіспеншіліктің символы. Ол адамдарды жақсылыққа, өзара құрмет пен қамқорлыққа үндейді. Рождество әр үйге бейбітшілік пен береке, жүректеріңізге жылулық пен үміт әкелсін.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыңызға амандық пен тыныштық тілеймін. Баршаңыздың өмірлеріңіз жарық сәттер мен қуанышқа толы болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/914089