Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қабылдады
10.01.2025 02:16:42 2674Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қабылдады
✔️Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.
❗️Сонымен қатар Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973232?lang=kk