Ақтөбе облысында шамамен 600 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды
10.01.2025 22:17:04 2304
Ақтөбе облысы Жер ресурстарын басқару департаменті ҚР АШМ ЖРБК Мартөк ауданындағы шаруа қожалығына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесінде, ауданы 592 га болатын егістікке арналған жер телімі бірнеше жыл бойы пайдаланылмағаны анықталды.
Жер учаскесі иесіне заңбұзушылықтарды жою және жерді игеру туралы міндетті нұсқама берілді. Алайда, нұсқамада көрсетілген талаптар орындалмағандықтан, департамент Мартөк аудандық соты арқылы шаруашылыққа 70 АЕК көлемінде айыппұл салды.
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты департаменттің жерді мәжбүрлеп қайтарып алу туралы талап-арызын қанағаттандырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/916138