С. Жақыпова Өзбекстан Елшісі Б. Ибрагимовпен кездесті
11.01.2025 09:12:57 1540
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесу өткізді. Тараптар еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Еңбекминінің басшысы көші-қон саласындағы соңғы заңнамалық өзгерістер туралы хабардар етіп, migration.enbek.kz порталын енгізу және оның мүмкіндіктері туралы айтты.
Мәселен, портал арқылы еңбекші көшіп келушілердің рұқсат алу процесі автоматтандырылды, сондай-ақ жұмыс берушілер үшін шетелдегі әлеуетті жұмыскерлерді іздеу мүмкіндіктері кеңейтілді және еңбек шартын жасасу бөлігінде тараптардың одан әрі өзара іс-қимылы жеңілдетілді.
Сонымен бірге Светлана Жақыпова жоғары білікті кадрларды тарту мақсатында шетелдік мамандар үшін сұранысқа ие мамандықтар тізбесі кеңейтілгенін атап өтті.
Министр сондай-ақ Бақтиёр Ибрагимовке migration.enbek.kz порталы және Skills Enbek платформасының мүмкіндіктері мен функционалдығын көрсетті.
Өз кезегінде Өзбекстан Елшісі Қазақстанда еңбек көші-қоны саласында жүргізіліп жатқан жұмыстың жоғары сапасын және одан әрі ынтымақтастық қажеттілігін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/916062