Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы тағайындалды
13.01.2025 19:19:16 1868
Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасына басшы ретінде Асқар Ғазалиев тағайындалды.
Кадрлық өзгерістер туралы аппараттық кеңесте облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев хабарлады.
Асқар Ғазалиев мемлекеттік қызметте 2009 жылдан бері еңбек етіп келеді. ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Президентінің Іс-Басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің бас консультанты, бас инспекторы лауазымдарын атқарды.
2024 жылдың сәуірінен бастап осы уақытқа дейін ҚР Үкіметі аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916414