ШҚО әкімі құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті
14.01.2025 19:16:11 946
Аймақ басшысы Ермек Көшербаев ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевпен және ШҚО Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбековпен кездесті.
Жиын барысында полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ халық арасында құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын насихаттау, қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы айтылды. 2024 жылы «Жас сақшы» 10 полиция сыныбы ашылды. Оқу бағдарламасына мамандардың, полиция қызметкерлерінің қатысуымен өтетін құқық қорғау, алғашқы әскери дайындық және алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтары енгізілді.
Облыс әкімі өзекті міндеттердің қатарына тәртіп сақшыларының қызметіне кедергісіз жүгіну принципі, жаңа полиция пунктерін ашу, бейнебақылау жүйесін дамыту мен азаматтардың қауіпсіздігі үшін дабыл түймелерін орнату кіретінін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/917112