Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың ескерткіш-бюстіне гүл шоқтарын қойды
14.01.2025 21:18:45 1925
Бүгін Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың қаза тапқан күніне арналған еске алу шарасы өтті.
Жастар, қоғам қайраткерлері мен ардагерлер, тұрғындар Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы Шернияз көшесінде орналасқан батырдың бюстіне гүл шоқтарын қойды, Әлияның ерлігін еске алып, тағзым етті.
Бұл күн – ел тарихында батырлықтың, отансүйгіштіктің, қайсар рухтың мәңгілік белгісі ретінде сақталып келеді.
Жиынға қатысушылар Әлия Молдағұлованың Отан қорғау жолындағы ерлігі – бүгінгі және келер ұрпаққа ұлы өнеге екенін атап өтті. Батыр қыздың есімі қазақ халқының жадында мәңгі сақталады.
Бұл шара ел жастарына батырдың рухани мұрасын ұлықтау және ұрпақ бойында патриотизм сезімін нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/917767