Премьер-министр қысқы IX Азия ойындарына дайындық бойынша бірқатар тапсырма берді

Премьер-министр қысқы IX Азия ойындарына дайындық бойынша бірқатар тапсырма берді

15.01.2025 02:16:04 737

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар тапсырма берді.
Туризм және спорт министрлігіне әкімдіктер, барлық мүдделі ұйым мен компанияларға – Қазақстан құрамасының Қытайда сәтті нәтиже көрсету үшін спортшыларымызға барлық жағдай жасау тапсырылды. Сыртқы істер министрлігіне ұлттық құрамаға дипломатиялық желі бойынша тиісті қолдау көрсету міндеті қойылды.

Мәдениет және ақпарат министрлігіне қазақстандық спортшылар қатысатын Азия ойындарының үздіксіз әрі сапалы көрсетілімін қамтамасыз ету тапсырылды.
Туризм және спорт министрлігі әкімдіктермен, Ұлттық Олимпиада комитеттерімен, федерациялармен бірлесіп, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына сапалы дайындық жұмыстарын барынша күшейтуі қажет.
@KZgovernment

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/917555