ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТАҒЫ ТУРИСТІК НЫСАННЫҢ ҒИМАРАТЫ КЕҢЕЙТІЛІП, ӘЛЕУЕТІ АРТТЫ
15.01.2025 02:16:14 1291Түлкібас ауданын дамытудың негізгі бағдарламасының бөлігі болып табылатын "Түлкібас саясат" шипажайының екінші ғимаратында құрылыс толығымен аяқталды. Аудан әкімі Асқар Естібаев нысанға жауапты мамандармен барып, оның қазіргі жағдайымен танысты. Бастапқыда 86 орынмен қамтамасыз етілген 2021 жылы ашылған сауықтыру кешені қазір сыйымдылығын 180 орынға дейін арттырды.
Жоба екі кезеңде іске асырылды және оның жалпы құны 420 млн теңгені құрады. Осы сомадан 170 млн теңге мемлекеттік қолдау арқылы жеңілдетілген несие түрінде алынды, ал қалған бөлігі өз қаражаты есебінен қаржыландырылды. Бүгінгі таңда мұнда 50 қызметкер жұмыс істейді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/917779