Үкімет отырысының қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер бойынша міндеттер айқындалды
15.01.2025 17:16:31 1210
Бүгін Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде электрондық сауданы дамыту, Харбиндегі IX Қысқы Азия ойындарына дайындық, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары қаралды. Отырысқа облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық байланыс режимінде де қатысты. Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен көтерілген мәселелер бойынша міндеттер айқындалған кеңес өтті. Кеңеске Қызылорда қаласының және аудандардың әкімдері, сондай-ақ жауапты салалардың басшылары қатысты.
"Жергілікті кәсіпкерлерді электрондық сауда негіздеріне оқыту бойынша жұмысты ұйымдастырыңыз. Электрондық саудадағы экспортты ұлғайту үшін осы саладағы кәсіпорындарға интернет-маркетплейстерде тіркелуге көмек көрсетіңіз және қажетті іс-шараларды өткізіңіз. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында электрондық саудадағы тауарлардың сапасына ерекше назар аударыңыз және тиісті шараларды уақтылы қабылдаңыз", — деп атап өтті облыс әкімі.
2025 жылдың 7 ақпаны мен 14 наурызы аралығында Қытайдың Харбин қаласында IX Қысқы Азия ойындары өтеді. Қазақстаннан жарысқа 139 спортшы қатысады, олар ел намысын қорғайды. Дене шынықтыру және спорт басқармасы қысқы спорт түрлерін дамыту бойынша нақты шаралар қабылдауы, сондай-ақ осы салада қызмет көрсететін спорт мектептерінің санын көбейтуі тиіс. "Мұз аренасы" спорт кешені мен өңірдегі спорт мектептерінің әлеуетін барынша тиімді пайдалану және жұмысты күшейту қажет", - деді ол.
Айта кету керек, өңірде тауарлар мен қызметтерді сату үшін интернет-ресурстарды пайдаланатын 10 кәсіпорын тіркелген. 2023 жылы бұл кәсіпорындар 18 мыңнан астам тапсырыс жасап, айналымы 281 млн. теңгені құрады. Өңірде тапсырыстарды сақтауды және жеткізуді қамтамасыз ететін 11 "Қазпошта" супермаркеті және интернет-дүкендердің басқа да пункттері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта көптеген тауар өндірушілер өз өнімдерін электронды платформалар арқылы сатады.
Облыста 14 822 спорт секциясы жұмыс істейді, онда 342 223 адам айналысады, оның ішінде 153 спортшы 14 секцияда қысқы спорт түрлерімен айналысады. Спортты дамытуға облыстық бюджеттен 1 млрд.869 млн. теңге бөлінді, оның 51 млн. 476 мың теңгесі қысқы спорт түрлерін дамытуға бағытталған. Аймақтың климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, "Мұз аренасы" спорт кешенінде үш қысқы спорт түрінен үйірмелер жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда республикалық чемпионаттарда жүлделі орындарды біздің 4 спортшы иеленді. Олардың екеуі жас спортшылар арасында шорт-тректе, ал екеуі мәнерлеп сырғанауда өнер көрсетеді. Өңірде 22 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, олардың біреуі қысқы спорт түрлері бойынша қызмет көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/917934