Қарағанды облысының ҚХА қамқорлығымен жас ғалымдар клубы құрылады
15.01.2025 18:15:32 1353
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін айтулы жыл. Бірегей азаматтық институтқа 30 жыл толады. Қарағанды облысында ҚХА қызметін дәріптеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Бастамалардың бірі өңірдегі ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жанынан Жас ғалымдар клубын құру болмақ.
— Бұл клуб білім алмасу, ғылыми бастамаларды дамыту және жас зерттеушілерді қолдау үшін тұғырнамаға айналады. Біз жоғары оқу орындарының ғалымдарымен кездесетін боламыз. Әркім өзінің ғылыми мүддесі бойынша жұмыс істейтін болады, бірақ ҚХА тақырыбына жақынырақ: ғылыми-практикалық қызмет мәселелері, этномәдени бірлестіктердегі атмосфераны зерттеу, — деді Қарағанды облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі Вилен Молотов-Лучанский Достық үйінде өткен отырыста.
Ол клубтың ережесін таныстырып, оның міндеттері мен жоспарлары туралы айтып берді.
«Жастар ассамблеясы» РҚБ басшысы Тимур Жұмырбаев жастарды ғылыми және қоғамдық қызметке тартудың маңыздылығын, сондай-ақ жас ғалымдардың өңір мен жалпы елдің дамуындағы рөлін атап өтті. Ол жас мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасау ҚХА жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
ҚХА-ның 30 жылдығына орай Қарағанды облысында республикалық ақсақалдар кеңесі, меценаттар форумы, қайырымдылық акциялары жоспарланған.
Үкіметтің қаулысымен «Бейбітшілік пен келісім жолындағы 30 жыл» ҚХА мерейтойын өткізу жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспары бекітілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/918173