ТЖМ құтқарушылары «Селфи с предками» фильмнің алғашқы көрермендері

ТЖМ құтқарушылары «Селфи с предками» фильмнің алғашқы көрермендері

03.12.2024 22:42:42 905

Кеше елордада «Селфи с предками» фильмінің көрсетілімі өтті. Толықметражды көркем фильм мектеп жасындағы балаларға арналған.
Фильм ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, тарихтың маңыздылығы және қорқынышты жеңе білу сияқты маңызды тақырыптарды қамтиды.
ТЖМ құтқарушылары фильмнің көрсетіліміне отбасыларымен келді, сондай-ақ кинорежиссерлар және актерлер қатысты.
«Біз бүгін фильмнің көрсетіліміне келдік. Ұйымдастырушылар бұл жұмыстың эмоционалдық жағына – мамандығы мен жеке өмірі арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, біз тап болатын қиындықтарға назар аударды», - деп Астана қаласының 6- МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Нұрсұлтан Қайыров өз ойымен бөлісті.
Бұл фильмде продюсерлік орталық құтқарушылардың ерлігі мен жанқиярлығын көрсетуге, олардың өміріне қауіп төндіретін қызметтің маңыздылығын атап өтуді жөн көрген.
Аталмыш фильм кең прокатқа 5 желтоқсанда шығатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/895330