«Ерекше бақ»: Теміртау тарихи-өлкетану музейі Юрий Варыгиннің көрмесінің ашылуына шақырады
15.01.2025 22:41:53 1001
«Қарағанды» фотоклубы биыл алғашқы көрме ұйымдастырды. Онда әйгілі қарағандылық фотошебер Юрий Варыгиннің абстракционизм және субреализм стиліндегі жұмыстары ұсынылады. Ашылу салтанаты 16 қаңтарда сағат 16:00-де Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында өтеді. Кіру тегін.
Авторлық фотокөрме «Ерекше бақ» деп аталды.
"Қалайша ойлау және талдау, армандау, қиялдау, шығармашылықпен айналысу арқылы адамдармен қарым-қатынас жасау қабілетін жоғалтпауға болады? Біздің керемет планетамызды қалай сақтап қалуға болады? Бұл мәселелердің барлығы көпшілікті алаңдатады. Олар фотокөрменің авторы Юрий Варыгинді де толғандырып отыр", – делінген аннотацияда.
Экспозиция 5 ақпанға дейін жалғасады.
Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы келесі мекен-жайда орналасқан: Металлургтер даңғылы, 28/4.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/918304