«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА «ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ДӘРІС ӨТТІ
03.12.2024 22:42:50 1176
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА «ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ДӘРІС ӨТТІ
Бүгін Алматыда Азаматтық авиация академиясының базасында Қазақстан экологиясына арналған «Энергияны үнемдеу жолдары» тақырыбында дәріс өтті.
Іс-шара барысында студенттер Қазақстан экономикасын декарбонизациялаудағы «Жасыл энергетиканың» рөлін, көміртегі ізін азайту үшін инновациялық технологиялар ұсынатын артықшылықтар мен мүмкіндіктерді талқылады.
«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде өткен дәріс тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ жасыл энергетика және тұрақты даму саласындағы жаңа идеялар мен бастамаларды қалыптастыруға арналған тұғырнамаға айналды.
Қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі пайдалы қазбаларды үнемді пайдалану және электр энергиясын жасанды жолмен өндіру болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/895282