Қарқаралы ауданында жабағы жарыс өтті

Қарқаралы ауданында жабағы жарыс өтті

16.01.2025 19:17:10 1452

Қарқаралы ауданының Қоянды және Ақшоқы ауылдарының он үш жас тұрғыны жарысқа қатысты. Олардың бәрі жабағыларын мініске үйретіп, өздері жаратқан.
Жарысқа 1975 жылы Қоянды ауылының жалпы білім беретін мектебінің түлектері демеушілік етті.
– Түлектеріміз бұл жарыстарды жастарымыздың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру үшін ұйымдастырды. Қазіргі заманғы балалар көптеген қолжетімді ойын-сауықтардың, технологиялардың арқасында дәстүрден алшақтап кетті. Біз бұлай болғанын қаламаймыз. Өткен жарыстар қатысушыларға да, қонақтарға да ұнады. Менің ойымша, жасөспірімдердің ат жарысымен айналысуға деген ықыласы арта түседі, – дейді Қоянды ауылының спорт нұсқаушысы Нұрлыбек Қалиев.
Жарыс қорытындысы бойынша Шыңғыс Рымхан мен оның Көгершін атты жабағысы бірінші орынға ие болды. Шыңғыс дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Екінші орынды Ернар Қуанышбек пен оны Мустанг атты жабағысы иеленді. Ернарға қолдан жасалған қамшы сыйға тартылды.
Үздік үштікті Айдос Исмаил мен Тайбурыл тұйықтады. Үшінші орын үшін Айдосқа жылқы сулығы табыс етілді.
Қалған қатысушылар да құр қол қайтпады.
Ауыл әкімшілігі мен меценаттар алдағы уақытта да осындай жарыстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Келесі жарыс ақпан айының ортасына жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/919053