Қарағанды облысында тұратын әйелдерді онкологтардан тегін кеңес алуға шақырады

Қарағанды облысында тұратын әйелдерді онкологтардан тегін кеңес алуға шақырады

16.01.2025 19:17:14 1573

№ 3 көпбейінді аурухана – онкологияда 18 қаңтарда жатыр мойны обырының ерте диагностикасы мен алдын алуына арналған ашық есік күні өтеді.
Облыста тұратын әйелдерді онкологтардан кеңес алуға шақырады. Қабылдау сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін кезек күту тәртібімен жүргізіледі. Сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша терапевтің жолдамасымен келуге болады.
Ашық есік күні жатыр мойны обыры туралы хабардар болу айлығы аясында өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/918755