ҚР ЭЫДҰ өкілдері Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіруге бағытталған жобаны талқылау шеңберінде Дүниежүзілік банк және UNOPS өкілдерімен онлайн-кездесуге қатысты

ҚР ЭЫДҰ өкілдері Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіруге бағытталған жобаны талқылау шеңберінде Дүниежүзілік банк және UNOPS өкілдерімен онлайн-кездесуге қатысты

16.01.2025 20:14:43 517

2025 жылғы 15 Қаңтарда онлайн форматта "Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру: ластануды басқару және биологиялық әртүрлілікті сақтау саласындағы әлеуетті құру" жобасының ұлттық құрамдас бөліктерін бекіту үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Дүниежүзілік банктің және БҰҰ жобаларға қызмет көрсету басқармасының (UNOPS) өкілдері арасында кездесу өтті ("Blueing the Caspian Sea: Building Capacities for Pollution Management and Biodiversity Conservation"), Жаһандық Экологиялық Қордың гранттық қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Кездесуге Қазақстан Тарапынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің, "Қазгидромет" РМК және су ресурстарын бағалау халықаралық орталығының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар жобаның күтілетін нәтижелерін бағалаудың ұлттық компоненттерін, индикаторлары мен әдістерін егжей-тегжейлі талқылады. Қазақстандық тарап Каспий теңізінің экологиялық және гидрологиялық мониторингі жүйесін жетілдірудің, Каспий маңы елдері арасындағы ғылыми-зерттеу қызметін дамытудың, сондай-ақ Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Бұл жобаны Каспий маңы елдерінде (Әзірбайжан, Қазақстан, Түрікменстан) жалпы бюджеті шамамен 12 млн. АҚШ. Жоба ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында іске қосылады деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/919168