ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫН РЕФОРМАЛАУ
03.12.2024 22:44:18 2176
2024 жылғы 22 қарашада Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Кейбір азаматтар тобының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, 8 категорияға жататын тұлғаларға арендалық және кредиттік тұрғын үйден кемінде 70% үлеспен бірінші кезектегі құқық беріледі:
* Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
* Жетім балалар;
* Көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар;
* 1 және 2 топтағы мүгедектер;
* Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
* Ұлы Отан соғысына теңестірілген ардагерлер;
* Басқа мемлекеттер аумағында әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер;
* Жесірлер.
Отбасы банкінің жаңа функцияларына қатысты Заңның ережелері ресми жарияланған күннен кейін алты ай өткен соң, яғни келесі жылдың 24 мамырынан бастап күшіне енеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/895511