Байқоңыр ауданында насыбай мен снюс сатылған сауда орындары анықталды

Байқоңыр ауданында насыбай мен снюс сатылған сауда орындары анықталды

23.01.2025 07:15:18 1188

Байқоңыр ауданында насыбай және өзге де шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау және алдын алу мақсатында кезекті рейд жүргізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара барысында А.Пушкин мен Ж.Тархан көшелерінде орналасқан 5 нысан тексеріліп, шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату бойынша профилактикалық түсіндіру жүргізілді.
Рейд нәтижесінде 2 сату нүктесінде 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ насыбайдың 1,5 кг-ға жуығы тәркіленді.
Шегілмейтін темекі өнімдерін тұтынуды алдын алу мақсатында Астана қаласы бойынша жұмыс тобы құрылды. Қаланың барлық ауданында бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Айта кетейік, рейдтер Астананың барлық алты ауданында жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/922664