Үржар ауданында қар тазалау жұмысы жүргізілуде

Үржар ауданында қар тазалау жұмысы жүргізілуде

23.01.2025 19:12:05 1960

Үржар ауданында қыс мезгілінде жол қатынасын үздіксіз қамтамасыз ету және білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерін қардан тазарту жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Ауданының автомобиль жолдары мен елді-мекендердегі көшелердің жалпы ұзындығы 690,2 шақырымды құрайды. Оның ішінде аудандық маңызы бар жолдары 288, елді-мекен көшелері 402,2 шақырым.
Аудандық бюджет есебінен автомобиль жолдары және елді-мекен көшелерін қысқы күтіп ұстауға қаржы бөлініп, жұмыс жүйелі атқарылуда.
Жолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстау мақсатында жыл соңына дейін мердігерлермен келісімшарт жасалды. Қардан тазалауға 70-тен астам арнайы техника және 84 адам жұмылдырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/923226