ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА "ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ" ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
23.01.2025 22:14:03 770Мемлекет басшысы бастамашылық еткен "жайлы мектеп" жобасын іске асыру аясында Түркістан облысында 29 білім беру мекемесі салынуда. Отырар ауданының Шәуілдер ауылдық округінде бірыңғай үлгідегі заманауи мектеп салынды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданына жұмыс сапары барысында жаңа мектеп құрылысының барысын тексеріп, жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
- Әлеуметтік нысандардың құрылысы қатаң бақылауда. Ғимараттың, жабдықтың және жиһаздың сапасына байланысты кез-келген проблеманы болдырмау қажет. Білікті кадрлармен жасақтау мәселесі де назарда болуы тиіс, - деп атап өтті Нұралхан Оралбайұлы.
600 орындық мектеп құрылысы "Samruk-Kazyna Construction"АҚ тапсырысы бойынша жүзеге асырылды. 3 гектар аумақта орналасқан білім беру мекемесі инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталды, қабылдау-тапсыру іс-шаралары жүргізілуде. Мектепте 115 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923663