Мемлекеттік сараптама Алматыда емхана салу жобасын мақұлдады

Мемлекеттік сараптама Алматыда емхана салу жобасын мақұлдады

25.01.2025 13:12:58 506

«Мемсараптама» РМК емхана құрылысына жобалық құжаттаманы қарау қорытындысы бойынша оң қорытынды берді.
Алматы қаласы Наурызбай ауданының "Құрамыс" шағын ауданында күн сайын 500-ден астам адамды қабылдай алатын жаңа емхана ашылады.
Емхананың 3 қабатты ғимаратының жалпы құрылыс алаңы 4126, 71м2 құрайды.
Ғимарат бір-бірімен біріктірілген 5 блоктан (A, B, C, D, E) тұрады. Бірінші мен екінші блокта функционалдық диагностика кабинеттері, физиотерапиялық емдеу және профилактика бөлімшелері, жалпы практика, конференц зал қарастырылған. С, D блогында –стоматологиялық, хирургиялық, қабылдау бөлімі, сондай-ақ педиатрия әйелдер бөлімі. Е блогында – жаппай тексеруге арналған флюрографиялық кабинет, ересектер мен балалар бөлімшелері бар. Барлық блоктар инженерлік және техникалық үй-жайлармен, жуынатын бөлмелермен жабдықталған.
Тапсырыс беруші «Алматы қаласының құрылыс басқармасы» КММ, бас жобалаушы – «ЖОБА» ЖШС болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/923286