Құрметті Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының тұрғындары және қала қонақтары!
01.02.2025 20:41:38 5062025 жылғы 31 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалық етуімен әкімдіктің кезекті отырысы өтеді.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 108 конференцзал.
Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.
Әкімдік отырысына тікелей келіп қатысуға ниет білдіргендер үшін хабарлаймыз.
Отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, (мереке күндерін есепке ала отырып) 30 қаңтарға дейін қағаз немесе электрондық түрде өтініш қабылданады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.
Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде s.khadakova@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады.
Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/927022