Шағал бассейнінде жаттығу басталды
01.02.2025 20:45:10 902Жүзуден олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, бассейнге техникалық есеп берілді. Бекітілген кестеге сәйкес балаларға арналған тренингтер басталды.
Бассейнге 500-ге жуық бала қатысады. Оларды 13 білікті жаттықтырушы кәсіби деңгейде оқытады. Жаттықтырушылар барлығы дене шынықтыру саласының мамандары, олардың 11-і жоғары білімді, 2-уі жоғары санатты.
Ақтөбедегі «Достық» спорт кешенінде де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер жұмыстарды 1 ақпанда аяқтап, нысанды тапсыруды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, өткен аптада облыс әкімі Асхат Шахаров екі нысанды да аралап, жауапты тұлғаларға тез арада пайдалануға беруді тапсырған болатын. Балалардың спортпен шұғылдануына кедергі жасамау, кесте жасап, осы аптадан бастап жаттығуларды бастау керек.
«Достық» спорт кешенінде күрделі жөндеу жұмыстарын «Альтаир-СК 7» ЖШС жүргізді. Жұмыстың құны 388,12 млн теңгені құрады. «Шағала» бассейнін жөндеуге 287,05 миллион теңге бөлінді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/927623