Саранда әжелер мектебінде балаларды тәрбиелеуге және өмірлік даналыққа үйретеді
01.02.2025 20:47:04 539
Саран мектептерінде ерекше жоба – «Әжелер мектебі» іске қосылды. Аға буын өз білімі мен тәжірибесін балалармен бөліседі.
«Әжелер мектебі» – Саран қаласының білім беру бөлімінің жобасы. Ол әрбір қалалық мектепте жұмыс істейді. Оқу орындарының әкiмшiлiгi мен қамқоршылық кеңесi он оқушының әжесін iрiктейдi. Оқу жылы барысында жобаға қатысушылар балалармен кездеседі және олармен шеберлік сыныптары, дөңгелек үстелдер, дәрістер және т. б. өткізеді.
Әрбір отырыста нақты тақырып талқыланады.
– Дәрістер немесе кездесу тақырыбы жобаға қатысушыға байланысты: біреулер балаларға өлеңдер жазуды үйретеді, біреулер өздерінің отбасылық және жеке тәжірибелерінен қызықты оқиғалар айтады, мысалы, мықты отбасын құру, мамандықты қалай таңдау, балаларды қалай тәрбиелеу туралы баяндап береді. Мысалы, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері балаларға киізден кәдесыйлар жасауды үйретті, – деп түсіндірді Саран әкімдігінің баспасөз хатшысы Думан Әлімжанов.
Сондай-ақ, «Әжелер мектебі» жобасы бойынша интерактивті танымдық ойындар өткізіледі. Кездесулердің бірінде мектеп оқушыларының әжелері түрлі ұлттардың дәстүрлі киімдері туралы әңгімелеп, түрлі тілдерде әндер шырқады.
Кездесулер Саран мектептерінде тұрақты түрде өткізіледі. Әжелердің оқушылармен талқылайтын іс-шаралар жоспары бекітілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/927436