Бесқарағай ауданындағы жолдар қардан тазартылуда

Бесқарағай ауданындағы жолдар қардан тазартылуда

01.02.2025 20:47:50 1196

Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 240 шақырымға жететін елді мекендер мен аудандық жолдарды қардан тазарту үшін 20-дан астам техника жұмылдырылған.
Олардың қатарында 2 автогрейдер, 15 трактор, 5 тиегіш және екі К-700 тракторы бар.
Қардың көп түсуіне байланысты тазарту жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Сондай-ақ, аудан орталығындағы барлық саябақтар да қардан тазартылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/928004