Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары - Ержан Еркінбаев: 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша туризм саласының негізгі көрсеткіштерінің өсуі байқалады

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары - Ержан Еркінбаев: 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша туризм саласының негізгі көрсеткіштерінің өсуі байқалады

01.02.2025 20:51:14 374

«2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша туризм саласының негізгі көрсеткіштерінің өсуі байқалады. Қонақүйлерде тұратын ішкі туристер саны шамамен 6 млн адамды құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 600 мыңға өсті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 10,5 млн адамды құрайды деп күтілуде. Жалпы, жұмысқа немесе тұрақты тұруға келгендерді есепке алмағанда, әртүрлі туристік мақсаттармен елге 15,3 миллион шетелдік қонақ келді. Оның ішінде 10,4 млн адам бізде 1 күннен астам уақыт өткізді, біз оларды шетелдік туристер ретінде қарастырамыз».
«Орналастыру орындарының саны 4 315-ке жетті, біржолғы сыйымдылық 226 мыңнан астам төсек-орынды құрады. Қонақ үйлерді, демалыс базаларын қоса алғанда, орналастыру объектілерінің жиынтық табысы 224 млрд теңгені құрады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласына инвестициялар көлемінің 2023 жылмен салыстырғанда 20,7%-ға өсуі тіркелді, бұл абсолютті көрсеткіштерде 947,5 млрд теңгені құрады. Туристік салада 538 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға жоғары».
«Шетелдік туристерді тарту экономиканы дамытуда шешуші рөл атқарады. Шетелдік туристер 2024 жылы еліміздің аумағында 1,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсады, бұл экономикаға жақсы үлес. 2024 жылғы 9 айда шетелдік келушілердің саны 968 мың адамды құрады.

Келуші туристер санының едәуір өсуі Алматы (+146%), Қызылорда (+101%) және Жетісу (+62,1%) облыстарында тіркелді. Шетелдік туристерді тарту бойынша аймақтар бөлінісінде кейбір аймақтарда өткен жылмен салыстырғанда теріс динамика бар».
«Шетелдік туристерді тарту экономиканы дамытуда шешуші рөл атқарады. Шетелдік туристер 2024 жылы еліміздің аумағында 1,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсады, бұл экономикаға жақсы үлес. 2024 жылғы 9 айда шетелдік келушілердің саны 968 мың адамды құрады.

Келуші туристер санының едәуір өсуі Алматы (+146%), Қызылорда (+101%) және Жетісу (+62,1%) облыстарында тіркелді. Шетелдік туристерді тарту бойынша аймақтар бөлінісінде кейбір аймақтарда өткен жылмен салыстырғанда теріс динамика бар».
«2024 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестицияда оң серпін байқалады. Жоғарыда айтылғандай, инвестиция көлемі 947,5 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ 15 облыста инвестиция тартуда өсуі байқалады.

Ең үлкен өсім Батыс Қазақстан облысында – 196,2%, Ұлытау облысында – 84,2%, Қызылорда облысында –63% тіркелді. 5 аймақ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда теріс өсу қарқынын көрсетеді. Сонымен қатар 2024 жылы жоспарлы көрсеткіші 9 облысқа жеткен жоқ».
«Былтырдан бастап Қазақстанда туризмді дамыту мақсатында Travel Map интерактивті платформасы жұмыс істей бастады. Онда өңірлер бойынша инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізіледі.

Биылдан бастап министрлік аталған платформа негізінде әкімдіктердің рейтингін қалыптастыруды бастауды жоспарлап отыр. Рейтингті сапалы өткізу үшін өңірлерге өзекті және талдамалық материалдарды жүйелі түрде жариялау ұсынылады».
«2025 жылы министрлік туристік саланы дамытуға бағытталған стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырады.

Бірінші. Салаға қатысты заңға өзгерістер енгізу жоспарлануда. Әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде, оның ішінде ұлттық парктер аумағында туристік инфрақұрылымды салу құқығы беріледі. Инфрақұрылымдық объектілерді қаржыландыру үшін жеке бюджет бағдарламасы құрылатын болады.

Екінші. Негізгі бағыт үш басым дестинацияны, Щучье-Бурабай курорттық аймағын, Маңғыстау курорттық аймағын және Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспарларды бекіту және іске асыру.

Үшінші. Биыл ел бойынша туристік инфрақұрылымды түгендеуді аяқтаймыз. Қорытындысы бойынша бюджеттік мүмкіндіктерге сүйене отырып, нақты басымдығы бар инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі және оларды іске асыру кестесі жаңартылады.

Төртінші. Экотуризмді одан әрі дамыту мақсатында ұлттық парктерде туристік инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы әзірленеді.

Бесінші. Туризм саласындағы шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жергілікті қауымдастықтардың туристік өнімдер мен қызметтерді дамытуына мүмкіндік беретін жеңілдетілген несие беру механизмін әзірлеу жоспарланып отыр.

Алтыншы. Туристік өнімдерді әртараптандыру мақсатында медициналық, сауықтыру-курорттық, балалар-жасөспірімдер және астрофизикалық туризм сияқты тақырыптық бағыттарды дамыту жөніндегі шаралар әзірленеді».

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/928779