Атырау облысында жер заңнамасының бұзылу фактілерінің алдын алды
21.02.2025 03:18:41 352
Тексеру барысында ҚР АШМ ЖРБК Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Атырау көлік прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп мемлекеттік жерлерді заңсыз пайдаланудың бірқатар фактілерін анықтады.
Атап айтқанда, "К" АҚ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 136-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, осы ретте 2,6 млн теңге сомасына айыппұл салынды.
"К" шаруа қожалығына Махамбет ауданында орналасқан ауданы 100 га учаскені игеру туралы нұсқама берілді. Нұсқаманың орындалмауына байланысты жер учаскесі ҚР Жер кодексінің 94-бабына сәйкес мәжбүрлі түрде алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/940684