Жаңа хоккей корты мен спорт алаңдары Сандықтау ауданында салынады

Жаңа хоккей корты мен спорт алаңдары Сандықтау ауданында салынады

21.02.2025 03:34:55 682

Сандықтау ауданында спорт саласы қарқынды дамуда. Оқу орындарында спорттық құрал-жабдықтарды жаңарту жұмыстары жалғасуда, сондай-ақ жаңа спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, аудан халқының жартысына жуығы жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысады. Тек өткен жылдың өзінде ауданнан спорт шебері, 15 спорт шеберіне үміткер, бірінші разрядты 5 спортшы және 95 бұқаралық разрядты спортшылар шықты.

«Облыстық бюджеттен Балкашинодағы шаңғы-роллер трассасының күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінді. Сондай-ақ көпфункционалды спорт алаңдарын орнату және жабық хоккей кортының құрылысына бюджеттік өтінімдер берілді», – деп мәлімдеді Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сауле Жайылғанова.

https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/940898