Қазақстан мен «Acwa» жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Қазақстан мен «Acwa» жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

19.08.2026 14:26:47 410

Рияд, 2026 жылғы 18 тамыз – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбековтің «Acwa» компаниясы Төрағасының орынбасары және Басқарушы директоры Раад Әл-Саадимен келіссөздері барысында тараптар жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Қазақ тарапы «Acwa» компаниясымен өзара іс-қимылды кеңейтуге, оның ішінде Қазақстандағы перспективалық энергетикалық жобаларды іске асыру үшін компанияның халықаралық тәжірибесін тартуға мүдделілігін атап өтті.

Өз кезегінде, Раад Әл-Саади өзара іс-қимылдың елеулі әлеуеті бар екенін атап өтіп, компанияның Қазақстан аумағындағы перспективалық жобаларға қатысу мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін білдірді.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын пысықтауға келісті.

«Acwa» (2026 жылғы қаңтарға дейін – «ACWA Power») – 2004 жылы құрылған Сауд Арабиясындағы ірі энергетикалық компаниялардың бірі. Компания электр станциялары мен тұщыландыру қондырғыларын салу және пайдалану саласына маманданған, кең халықаралық тәжірибеге ие және оның қызметі жаңартылатын энергетиканы дамытуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1276581?lang=ru