Белгілі молдавиялық әнші Қарағандыдағы «Мэрцишор» фестиваліне келеді

Белгілі молдавиялық әнші Қарағандыдағы «Мэрцишор» фестиваліне келеді

21.02.2025 03:57:44 583

Қарағандыда Мэрцишор көктемді қарсы алу мерекесін атап өту дәстүрге айналды. Биыл осы аттас румын мәдениетінің фестивалі он бірінші рет өткізіліп отыр. Өңірдің этноқоғамдарын біріктіретін мәдени шара Алғыс айту күніне орайластырылып, екі мерейтойлық күн – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және облыстық «Дакия» румын қоғамының 20 жылдығына арналған.
«Мэрцишор-2025» фестивалі 28 ақпанда «Күш бірлікте» достық сабағынан басталады. Оқушылармен кездесу Қарағандыдағы № 2 лицейде өтеді.
Бірінші наурыз Алғыс айту күні фестиваль ұйымдастырушылары қарағандылықтар мен қала қонақтарын Достық үйіне шақырады. Бағдарлама ауқымды: концерт, румындардың киімдері мен тұрмыстарын көрсету, кітап көрмесі және фотосушка. Фестивальдің қонағы – Молдова Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ленуца Георгицэ. Танымал молдавиялық әнші ширек ғасырдан астам сахнада түрлі елдерде гастрольдік сапар шегіп келеді.
Гала-концертте түрлі халықтардың әндері мен билері орындалады. «Доруле» ансамблі және басқа да этно-ұжымдар, сондай-ақ «Волшебная страна» және «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамбльдері өнер көрсетеді.
Мерекеге кіру тегін.
Қарағандыда «Дакия» облыстық румын қоғамы 2005 жылдың сәуірінен бастап жұмыс істейді. Ұзақ жылдар бойы этнобірлестікті Николай Плушкис басқарған. Енді оның есімі «Мэрцишор» фестиваліне берілді.
Ежелгі Мэрцишор мерекесі Молдова мен Румынияда атап өтіледі. Ол көп жағдайда Наурызға ұқсас және көктемнің басталуы мен жаңаруын білдіреді. Мерекеде бір-біріне ақ және қызыл түсті жіптен жасалған бутоньерлер тарту ету дәстүрге айналған. Қызыл түс өмір мен махаббатты, ақ түс – тазалық пен руханилықты білдіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/941850