Елордалық волонтерлер марапатталды

Елордалық волонтерлер марапатталды

05.12.2024 15:09:22 1231

Бүгінде волонтерлер қозғалысы белсенді дамып келеді және қоғамда әртүрлі салаларда көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады.
Осылайша, азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туралы, сондай-ақ ТЖ кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы халықтың хабардарлығын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізетін бірқатар волонтерлер атап өтілді.
Елордада «VOLUNTEER FEST» мерекелік іс-шарасы өтті.
ТЖД-дан жоғары азаматтық ұстанымы үшін 20-ға жуық волонтер марапаттарға ие болды.
Жалпы, Департаментпен қаланың волонтерлік ұйымдарымен өзара іс-қимыл туралы 6 меморандумға қол қойылды, ол әртүрлі төтенше жағдайларды жоюға қатысқан 700-ге жуық адамды қамтиды.
«Өзіміздің тапарымыздан адамдарға риясыз және шын жүректен көмектесетін барлық волонтерлерді құттықтаймыз! Сіздердің істеріңіз өздеріңіздің ынта-жігерлеріңізбен, мейірімді жүректеріңізбен және әрқашан көмектесуге дайын болуларыңызбен шабыттандыратын барлығына үлгі тұтарлық. Сіздердің жұмыстарыңыздың пайдасы мол, әрі қаламызды жақсартуға септігін тигізуде. Қажырлы еңбектеріңіз, жасап жатқан игі істеріңіз үшін рахмет!», – деп атап өтті елордалық ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы Еркін Қашқанов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/896863