Адвокатура күніне орай еліміздің үздік адвокаттары марапатталды
05.12.2024 20:12:53 1153Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасының адвокатура күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Әділет министрі Азамат Есқараев өз сөзінде адвокаттардың заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлінің маңыздылығын атап өтіп, адвокатура азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, сондай-ақ қоғамның құқықтық жүйесіне деген сенімін нығайтуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
Салтанатты бағдарлама шеңберінде кәсіби қызметте ерекше нәтижелер көрсеткен үшін және адвокатура жүйесін жетілдіруге, заң көмегінің сапасын арттыруға, құқық қорғау жұмысын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы №725 Жарлығымен
5 адвокат «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградаларымен - медальдарымен марапатталды.
Сонымен бірқатар адвокаттарға әділет органдарының ведомстволық наградаларымен алғыс хаттар табыс етілді.
Іс-шараға Республикалық адвокаттар алқасы, адвокаттық қоғамдастығының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Бұл шара қазақстандық адвокатураның жұмысын қорытындылау үшін маңызды алаңға айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/897350