ҰЛЫТАУЛЫҚ ШАХМАТШЫЛАР - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ БОЙ КӨРСЕТТІ
24.02.2025 03:07:22 550
Жезқазғандық жас шахматшылар командасы халықаралық «Интеллект Академиясы» кубогінің сайысына тұңғыш рет қатысып, іс жүзінде тәжірибе алып қайтты. Шахмат фестивалі Ресейдің Новокузнецк қаласында өтті, оған біздің облыстан 7 жастан 13 жасқа дейінгі жас шахматшылар қатысты.
Жерлестерімізден құралған команда турнирге дейін жалпы рейтинг бойынша 30-орында тұрса, тоғыз партия ойналғаннан кейін 18-орынға көтеріліп, оң нәтиже көрсете білді.
Сондай-ақ жарыста Қазақстан атынан Жансая Әбдімәліктің Алматыдағы академиясының шахматшылары да өнер көрсетті. 43 команда арасында алматылықтар алдына жан салмады. Екінші орынды Өзбекстан шахматшылары, ал үшінші орынды Куба жеңіп алды. Осылайша, Алматы командасы қатарынан екінші жыл жеңімпаз атанып отыр.
Айта кетейік, жерлестеріміздің турнирге қатысуы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қолдауымен жүзеге асты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/943219