Астанада «Е-архив» ақпараттық жүйесінің жұмысы бойынша семинар-кеңес өтті

Астанада «Е-архив» ақпараттық жүйесінің жұмысы бойынша семинар-кеңес өтті

24.02.2025 03:08:43 1078

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық архив базасында «Е–архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу бойынша республикалық семинар-кеңес ұйымдастырды.
Семинар жұмысына өңірлердегі архив ісі мен құжаттаманы басқаруға жауапты жергілікті атқарушы органдардың 130-дан астам өкілі қатысты.
Қатысушылар Ұлттық архивтің, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары архивистерінің жүйе модульдерін сапалы толтыру, сараптамалық және сараптамалық-тексеру комиссияларының функцияларын автоматтандыру, электрондық құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау тәжірибесімен танысты.
Сонымен қатар семинар барысында іс жүргізу тізімдемесін жасау, істер номенклатурасын енгізу, электронды құжаттардың құндылығын сараптау тәртібі және «Ұлы Отан соғысына қатысушылар» дерекқорына мәліметтер енгізу мәселелері бойынша оқыту жүргізілді.
Жиын соңында жүйені жаңғырту мәселелері талқыланды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/943715