Өңір басшысы Асхат Шахаров Шалқарда азаматтарды қабылдады

Өңір басшысы Асхат Шахаров Шалқарда азаматтарды қабылдады

24.02.2025 03:10:30 616

Қабылдауға жазылған азаматтардың қатарында Шалқар қаласы мен Қотыртас, Қауылжыр, Бегімбет ауылдарының тұрғындары бар.
Тұрғындардың кейбірі жұмыс мәселесін, енді бірі қоқыс полигонын кеңейту және темір жол жүк қоймасы бөлімшесін ашу, Қотыртас ауылында әкімшілік ғимаратын салу және Қауылжыр ауылында спорт кешенін салу бойынша өтініш айтты.
Өз кезегінде облыс әкімі Асхат Шахаров барлық сұрақтарды мұқият тыңдап, мәселелер заң талаптарына сәйкес шешілетінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943822