Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарына шолу

Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарына шолу

04.03.2025 01:14:25 506

18.02.
АСТАНА
Су тасқынын болжау және модельдеуге арналған Tasqyn жүйесі өндірістік қолданысқа берілді. Бүгінгі таңда өзендердің 128 учаскесіндегі 142 су бекеті бойынша су тасқынын модельдеу жүргізіледі. «Қазсушар» филиалдары мен бассейндік инспекциялардың 114 маманы су бекеттері бойынша деректерге күнделікті талдау жасайды және оны жүйеге енгізеді.
18.02.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
Наурыз айының соңына дейін Солтүстік Аралға 1,6 млрд текше метр су жіберіледі. Айта кету керек, 2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 млрд текше метрден астам су жіберілді. Бұл осыған дейін жоспарланған көлемнен 100 млн текше метрге артық.
20.02.
АСТАНА
Су тасқынына дайындық аясында «Қазсушар» филиалдарына 84 жаңа техника берілді. Оның ішінде 8 автокран, 14 самосвал, 7 трактор, 23 тиегіш және 32 газель көлігі бар. Арнайы техника паркін жаңарту су шаруашылығы нысандарын бақылауды күшейтуге және инфрақұрылымды үздіксіз пайдалануды қамтамасыз етуге, жұмыстардың жеделдігін және сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
19.02.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
Су ресурстары және ирригация министрлігі су үнемдеу бойынша 5 облыста семинар өткізді. Кездесулер барысында еліміздегі су үнемдеу бойынша үздік тәжірибелер таныстырылып, мемлекеттік қолдау іс-шаралары жөнінде ақпарат берілді.
17.02.
АСТАНА
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл жергілікті экожүйені сақтау үшін 2,5 млрд текше метр су жіберуді жоспарлап отыр. Бұл су көздеріне жақын орналасқан аудандардағы экологиялық жағдайды және сумен жабдықтауды жақсартады.
17.02.
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ
Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексерді. Арнайы техника мен автокөлік, 372 тонна қиыршық тас, 250 тонна құм, 800 тонна топырақ және 16 тонна жанар-жағам май қоры дайындалды.
20.02.
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ
Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында бөгеттер мен гидротехникалық нысандардың кірме жолдары қардан тазартылды. 11 дана арнайы техника дайындалды.
20.02.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
«Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалы су тасқынының алдын алу мақсатында Ассы өзеніндегі мұздың қалың қабаттарын арнайы техникамен тазартты. Бұдан бөлек, Қорам магистралды каналында нығайту жұмыстары жүргізілді.
21.02.
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ
Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында су қоймалары мен кірме жолдарды қардан тазартты, сондай-ақ нысандарға инертті материалдарды жеткізуге келісімшарттар жасалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/943989