«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»

«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»

04.03.2025 01:16:06 121

Кеше, 26 ақпан күні ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы «15» қаңтар № 7 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2-тармағының 2.9) тармақшасы негізінде мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарудың алдын алу мақсатында Құқық қорғау қызметкерлерін тарта отырып семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру туралы тапсырмасына сәйкес «Есірткіні, психоактивті заттарды қолданудың салдары» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға арнайы шақыртумен келген Астана қаласының Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Әлия Қибатқызы нашақорлықтың алдын алуға және есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды анықтау бағытында жүргізіліп жатырған көптеген іс-шаралар мен нашақорлықтың алуан түрлері туралы және олардың адам ағзасына, психикасына, әлеуметтік өміріне тигізетін зиянды әсерлері жөнінде жан-жақты айтып өтті.
Сонымен қатар, өткен жылы және жыл басынан бері Астана қаласында тіркелген есірткі қылмысы, соның ішінде есірткі өткізу фактісі, сондай-ақ есірткінің синтетикалық түрлерімен байланысты құқық бұзушылыққа және заңсыз айналымнан қанша есірткі заттары, соның ішінде қанша «синтетика» тәркіленгеніне жалпы есірткі қылмысының ауқымы туралы статистикалық мәліметтер келтірді.
Сондай-ақ, құқық қорғау қызметкері семинар барысында қатысушыларға есірткіні жарнамалайтын яғни синтетикалық есірткілерді сатумен айналысатын парақшалар, граффити суреттері, маркалар, мөрлер, QR кодтар, билбордар үлгілері мен интернет-сайттар жөніндегі видео роллик көрсетіп, оларды анықтау және жою мақсатында жүргізілетін профилактикалық рейдтер туралы да айтты.
Семинар спикері Ә. Қибатқызы қылмыскерлер есірткіні тасымалдау мен өткізудің және жасырудың әртүрлі тәсілдері мен әдістерін ойлап тауып, үлкендермен қатар жас ұрпақтың азғындануына әкеліп соқтыратын ғасыр дертіне қоғам болып қарсы тұруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, жастарды жаман әдеттерден сақтауға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу керектігіне тоқталып, әрбір ата-ананы отбасындағы бала тәрбиесіне көңіл бөлуге шақырды.
Семинарға қатысушыларға Астана қаласы Полиция Депаратментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының тақырыпқа байланысты жүргізіліп жатырған жұмыстар туралы ақпарат беріп, мемлекеттік қызметкерлердің сұрақтарына тұшымды жауап берген семинар спикері полиция подполковнигі Әлия Қибатқызына алғысымызды білдіреміз.
Жансая Қаршығақызы Молдағалиева
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/947518