Қарағанды облысында шығындарды оңтайландыру үшін бірқатар басқармаларды қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды
04.03.2025 01:16:47 99
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары кезектен тыс ХХІІІ сессиясында өңірді басқарудың жаңа схемасын бекітті. Қайта ұйымдастыру жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және шығыстарды оңтайландыру үшін жүргізіледі.
— Өңірді басқарудың қолданыстағы схемасына өзгерістер енгізу шығыстарды оңтайландыруды, бейінді емес функцияларды қысқартуды және бюджет қаражатын үнемдеуді көздейді, — деп атап өтті Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Ғалиев.
Бiрнеше басқарма бiрiктiрiледi: ауыл шаруашылығы және жер қатынастары; кәсіпкерлік және өнеркәсіп; қаржы және мемлекеттік активтер. Сондай-ақ сыртқы байланыстар функциясы бар туризмді басқару құрылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/947093