Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионаттарының екінші кезеңі қорытындысы шығарылды

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионаттарының екінші кезеңі қорытындысы шығарылды

04.03.2025 01:17:38 176

Ерлер, әйелдер мен жасөспірім ұлдар арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаттарының екінші кезеңі қарқынды өтті. Спортшылардан күш пен зейіннің жоғары шоғырлануы талап етілетін кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту дисциплинасында күрес қызықты болды. Сөреден 23 метрде спортшы биіктігі екі метр қоршаудан өтіп, жалпы салмағы 5 кг болатын 2 өрт сөндіру жеңін алып, бум бойымен жүгіреді, содан кейін бір жеңді тармақталуға бекітеді және мәре жармасын өтеді.
Ең жылдам спортшылар жаттығуды 16 секундтан аз уақытта орындайды. Қысқы Чемпионаттардың екінші кезеңінде 120-дан астам жүгіріс болды. Халықаралық және ұлттық біліктілік санатты 30 төреші барлық кедергілерді орындау мен еңсерудің дұрыстығын мұқият қадағалады.
Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша командалық есепте нәтижелер келесідей бөлінді:
Ерлер арасында:
1 орын - Астана қаласы ТЖД құрама командасы
2 орын – Шымкент қаласы ТЖД құрама командасы
3 орын – Маңғыстау облысы ТЖД құрама командасы
Жасөспірім ұлдар арасында:
1 орын - Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
2 орын - Батыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
3 орын - Шымкент қаласы ТЖД құрама командасы
Жеке біріншіліктегі орындар:
Ерлер арасында:
1 орын - 16,57 секунд нәтижесімен Әбдібек Еркін, Қызылорда облысы
2 орын - 16,70 секунд нәтижесімен Абильбаев Динмухаммед, Алматы қаласы
3 орын - 17,91 секунд нәтижесімен Мухамедали Асхат, Ақмола облысы
Аға топ жасөспірім ұлдар арасында (17-18 жас):
1 орын - 17,23 секунд нәтижесімен Каримов Радмир, Шығыс-Қазақстан облысы
2 орын - 17,65 секунд нәтижесімен Насибуллин Ернур, Батыс-Қазақстан облысы
3 орын - 17,90 секунд нәтижесімен Мұратұлы Юсуф, Астана қаласы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/947811