Ақмола облысының жұртшылығымен кездесу
04.03.2025 01:18:30 297
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Көкшетау қаласында Ақмола облысының тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді.
Өңір тұрғындарымен кездесу барысында экология, экологиялық мәдениетті, орман шаруашылығын дамыту, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және т.б. мәселелерге ерекше назар аударылды.
Ведомство басшысы негізгі аспектілердің бірі атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын бақылаудың автоматтандырылған жүйесін орнату болып табылатынын атап өтті. Мұндай жүйелер облыстың 5 ірі кәсіпорнында орнатылуда, 2-де орнатылған («Көкше-Цемент» ЖШС, «Степногор ЖЭО» ЖШС).
Облыста 535 заңсыз қоқыс орны анықталып, олардың барлығы жойылды.
Бұдан басқа, «Eco-Dump» ЖШС (Эко-Дамп) Щучье-Бурабай курорттық аймағында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешенін салу бойынша пилоттық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Жалпы, Ақмола облысы бойынша экологиялық жағдай тұрақты.
Өңірдің орман шаруашылығын дамытуға қатысты Министр 2021-2024 жылдар аралығында республика бойынша барлығы 1 миллиард 150 миллион көшет, оның ішінде Ақмола облысында - 77,1 миллион көшет отырғызылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Ақмола облысында жабық тамыр жүйесі бар отырғызу материалын өсіру бойынша орман тұқымы кешенінің құрылысы жоспарланған. Бұл жобаға 3,5 млрд. теңге қарастырылған.
Е.Нысанбаев іс-шараға қатысушылардың барлық өзекті сұрақтарына, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдау кезінде түскен сұрақтарға жауап берді.
Соңында БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/948546