Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

04.03.2025 01:19:54 253

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді шын жүректен Алғыс айту күнімен құттықтаймын!

Бұл - бірегейлік пен бірліктің қазақстандық үлгісін нығайтуға, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге және тарихи жадты сақтауға ықпал ететін маңызды мереке.

Бір-бірімізге ризашылық пен құрмет көрсете отырып, біз достық, мейірімділік және ынтымақтастық сияқты негізгі құндылықтарды насихаттаймыз.

Биыл біз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуын атап өтеміз. Қоғамдағы этносаралық тұрақтылықтың негізгі факторларының бірі ретіндегі өзінің маңызын іс жүзінде растайтын бірегей бейбітшілік және келісім институты өзіне жүктелген миссияны лайықты орындауда.

«Ел алғысын алсаң, елеулісі боларсың» деген дана өсиетке сай, өзінің кәсіби және азаматтық борышын адал атқарып жүрген барлық ақмолалықтарға, Қазақстан Республикасының дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғысымды білдіремін.

Әр отбасына бақыт, амандық, бейбітшілік тілеймін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/948784