СҚО әкімінің Алғыс айту күнімен құттықтауы

СҚО әкімінің Алғыс айту күнімен құттықтауы

04.03.2025 01:22:39 891

Құрметті жерлестер! Бүгін елімізде Алғыс айту күні аталып өтуде. Бұл мереке – тарихи жадымызды жаңғыртып, ұрпақтар сабақтастығы мен ел бірлігін нығайтатын ерекше күн. Сондай-ақ, тағдыр тоғыстырған түрлі халықтарға қиын-қыстау кезеңде мейірімін төккен қазақ жұртына деген құрмет пен ризашылықтың белгісі.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, бейбітшілік пен келісімнің сақталуына сүбелі үлес қосып жүрген барша солтүстікқазақстандықтарға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздерге молшылық, береке және отбасыларыңызға амандық тілеймін! Алғыс айту күні құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/949310