Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның офицерлері Алматыда болған қайғылы оқиғаның алдын алды
17.03.2025 20:10:46 704Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі капитан Әділет Әбілмәжінов пен Ұлттық ұлан капитаны Аманғали Ерменовтің батыл әрі епті әрекеті қиын жағдайда қалған әйелді құтқарып қалды.
Оқиға орнына Мамыр-2 шағынауданында отбасымен серуендеп жүрген Әділет Әбілмәжінов кездейсоқ барған. Офицер көпқабатты үйдің жанында біраз адам жиналғанын байқайды. Әйел 4-қабаттың балконынан секірмек болғанын көреді.
Уақыт ұттырмай Әділет Әбілмәжінов, Аманғали Еменов және ІІМ қызметкерлері 5 қабаттағы пәтерге көтерілді. Тұрғын үй иесінің рұқсатымен әскери қызметшілер көрші пәтердің терезесі арқылы төртінші қабатқа түседі. Сол жерде Аманғали Ерменов әйелді қауіпсіз жерге әкетіп, өмірін арашалап қалады.
Өте қауіпті жағдай ойдағыдай шешілді. Психологтар әйелмен жұмыс істеуге жұмылды. Адам өміріне қауіпті жағдай әскери қызметшілердің арқасында тойтарылды.
Капитан Әділет Әбілмәжінов – Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы жедел ден қою бөлімі мобильді бөлімшесінің офицері. Ол өзінің батыл әрекетімен керемет ептілік көрсетіп қана қоймай, сондай қиын сәтте қалай әрекет ету керектігін білетін нағыз кәсіпқой ретінде көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/958588