Нұрлан Кұлбатыров «QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның бас директоры болып тағайындалды
14.09.2026 12:35:52 397
Еңбек қызметін 2009 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да бастады. Әр жылдары аға сарапшы, инвестициялық процестерді талдау басқармасының бастығы, Стратегиялық әзірлемелер және экономикалық зерттеулер орталығы директорының орынбасары, Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры лауазымдарын атқарды.
2016 жылдың мамыр айынан бастап «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. Сауда талдамасы, ДСҰ және ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл, интеграциялық процестер және санкциялық комплаенс мәселелері бағыттарына жетекшілік етті.
Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастықтың Елдік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жобалық топты басқарды, сондай-ақ Халықаралық сауда орталығының Ready for Trade Central Asia өңірлік жобасын үйлестірді.
Назарбаев Университеті базасындағы Global Entrepreneurship Monitor халықаралық зерттеу жобасының ұлттық командасының мүшесі болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1291014?lang=ru